2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Шет аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Шет аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

           2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық № 2, 10 сайлау округтері бойынша Шет аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 3898 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 2837 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 78 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 6.

          №2 және №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Шет аудандық мәслихат депутаттары сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№2 сайлау округі бойынша:

Азамат Егінбайұлы Омаров үшін 1173 сайлаушы дауыс берді;

Дарын Жолдыбайұлы Оспанов үшін 103 сайлаушы дауыс берді;

Шагиров Мейрам Елубайұлы үшін 128 сайлаушы дауыс берді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 11.

 

№10 сайлау округі бойынша:

Аман Санбеталиұлы Адамбаев үшін 1159 сайлаушы дауыс берді;

Алмаз Берікұлы Мұханов үшін 88 сайлаушы дауыс берді;

Абай Қуатжанұлы Тағылбек үшін 153 сайлаушы дауыс берді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7.

 

           Сайлау қорытындысы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Шет аудандық мәслихатының депутаты болып:

№2 сайлау округі бойынша 1983 жылы туған, ШЖҚ "ШетКоммунСервис" КМК-нің директоры, Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, Азамат Егінбайұлы Омаров;

№10 сайлау округі бойынша 1985 жылы туған, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ 16-ПЛД Қарағанды облыстық филиалы, локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы, Қарағанды облысы, Шет ауданы Мойынты кентінің тұрғыны,   Аман Санбеталиұлы Адамбаев сайланды.

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 декабря 2024