Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне

кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

              2021 жылғы 15 шілдеде Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

          Шет ауданының Батық, Кеншоқы, К.Мыңбаев, Красная поляна, Өспен ауылдық округтері және Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Мұқабаев сөз сөйледі.

           2021 жылғы 14 шілдесі сағат 18;00-ге Шет ауданының Батық, Кеншоқы, К.Мыңбаев, Красная поляна, Өспен ауылдық округтері және Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдеріне 39 кандидат ұсынылып, онығ 33-і тіркелгендігін хабарлады. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 31 (94%)  ер адам және 2 (6%) әйел адам бар.

             Мамандықтар бойынша: 4 – қаржыгерлер, 14 – заңгерлер, 3 – оқытушылар, 12-басқалар.

       Ұсынылған кандидаттардың ішінде: коммерциялық құрылымдардың 3 қызметкері; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 11 қызметкері; 17 мемлекеттік қызметші, 2 жұмыс істемейтін қызметкер.

        2021 жылғы 14 шілде сағат 18-ден бастап Шет ауданының  Батық, Кеншоқы, К.Мыңбаев, Красная поляна, Өспен ауылдық округтері және Дәрия, Жамбыл, Ақадыр кенттері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

          Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Дата публикации
15 июля 2021