«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ! 🌿

12 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауылымыздың саябағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. 

Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан теміржол саласының ШЧ-21, ПД-13, ПД-14, ПД-15 және ЭЧ ұжымдарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 

Сонымен қатар, осы ұжымдарды басқарып отырған ауылымыздың азаматтары Конуров Жандос ағамызға және Үдешов Өмірзақ ағамызға ерекше ризашылығымызды білдіреміз!

Жұмыстан тыс уақытта өздерінің жеке уақыттарын бөліп, ауылымыздың тазалығына атсалысып, туған жерге деген жанашырлықтарын көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс! 

 
Жастарына қарамастан жастардың бастамасын қолдап, сенбілікке белсене қатысып, ауыл тазалығына үлес қосып, баршаға үлгі көрсетті. Бұл – үлкенге құрмет, кішіге ізет пен ауылға деген жанашырлықтың жарқын көрінісі! 

Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын! Ауылымыз әрдайым таза, көрікті әрі жасыл мекенге айнала берсін!