
Сәкен ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смағұл Әсем Жарылғапқызы Алматы қаласында "Педагогикалық идеялар фестивалі" Республикалық конкурсының ІІІ-дәрежелі жүлдесіне ие болды.
Осы байқауда Әсем Жарылғапқызы өзінің жаңашыл идеялары, тиімді оқыту әдістері мен заманауи педагогикалық тәсілдерді шебер қолдана білуі арқылы ерекшеленді.
Ұстазымыздың бұл жетістігі - оның тынымсыз еңбегінің, ізденісінің және шәкірттеріне сапалы білім беруге деген жауапкершілігінің айқын дәлелі.
Әсем Жарылғапқызын жарқын жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жеңістер тілейміз!