
Өспен ауылының тумасы, Имендинов Умар АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында грэпплингтен NAGA (North Amerikan Grapping Associacion) Әлем чемпионатында жеңіске жетіп, чемпион атағын төртінші рет қорғай білді.
У.Имендинов жақында 10 жылға жуық уақыттан бері спортпен шұғылданады. Ол ММА бойынша кәсіби файтер, спорт шебері атағына ие. Оның жарыс жетістіктеріне - бразилиялық джиу-джитсу бойынша үш әлем чемпионы атағы , грепплингтен Қазақстан чемпионатында 6 алтын медаль, сондай-ақ панкратион, no-gi джиу-джитсу және қоян-қолтық ұрыс бойынша бірнеше жеңістер кіреді. Алғаш рет Умар грепплингтен NAGA әлем чемпионатында 2020 жылы алтын медаль алған, кейін 2024 жылы екі мәрте чемпион атанып, биыл да атағын сәтті қорғады.