Радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында мектеп окушыларымен кездесу өтті

Радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында мектеп окушыларымен кездесу өтті

Қарағанды облысының Дін істері басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі 2025 жылдың ІІ-жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында, радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында Сәкен жалпы білім беру мектебі оқушыларымен округ әкімі аппаратының бас маманы У.С.Даулетов және тарих пәні мұғалімі Ә.Сембеков кездесу өткізді. Жоғарғы сынып оқушыларына деструктивті культтер мен жалған діни ұйымдардың белгілері және террористтік қауіп төнген жағдайда қоңыраулар қабылдау сенім телефоны жөнінде ақпараттар берілді, видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме лекциясы жүргізілді.