
23 қазан күні Өспен ауылының Мәдениет үйінде Республика күніне және Ќазаќстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай, «Туған-Ел» атты салтанатты жиын өтті.
Әнұранымыз шырќалған соң, сахна төріне шыќќан округ әкікімі Арман Хайроллаұлы Абилов Республика күнінің айрыќша маңызды екенің атап өтіп, барша жиналған ќауымды Ұлыќ мерекемен ќұттыќтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Осыған байланысты бірќатар әр салада жұмыс істеп жүрген жұмысшы азаматтарға округ әкімінің Алғыс хаты мен сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік шараға Ақадыр кентінен келген «Бақыт мекені» ансамбілі мен ауыл өнерпаздары жанды дауыстағы дәстүрлі жєне эстрадалыќ әндер сыйлап, көпшілік ќауымның ризашылығына бөленді.Сонымен қатар ауылымыздың жұлдызы Ағыбай Шырқаның орындауындағы «Ару Нілді» жаңа әнінің түсауы кесілді.