Интернет

Интернет

Талды ауылына 2024 жылы аудандық бюджет есебінен 13 млннан астам қаражат бөлініп, наурыз айының 4-і күні «Дара Холдинг» ЖШС-і “Билайн” интернет желісін тартты. Интернет толқыны Нұраталды ауылдық округіне қарасты Ақсу елдімекенінен алынады, 2 жерден арнайы антенна қойылған Келісім «Дара Холдинг» ЖШС-імен жүргізіледі.
Интернет желісінің жылдамдығы 30-50 мб/сек. құрайды. Талды ауылының халық саны 876 адам, интернет желісін қолданушылар саны 125 үй. Интернет желісі таратылған үй және мекемеге антенна, кабель, жаңадан Wi-Fi қолданысы бар Модем апараттары мекеме тарапынан тегін берілді.
Абонеттік төлем «Дара Холдинг» ЖШС-іне төйленеді, төлемді мобильді қосымшалар арқылы төлеу қарастырылған.
Абонеттік төлем 1 айға 6500 теңгені құрап отыр.