
Күзгі суық желде, жауын-шашын мен боранды күндері қоғамдық көлік күткен жолаушылардың қолайсыз жағдайда тұрғаны талай рет байқалған еді. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген болатын.
Жаңа аялдаманың салынуы – ауыл тұрғындарына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Енді жолаушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан қоғамдық көлікті жайлы жағдайда күте алады.