
💎Шет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы республикалық бюджетке есептелетін корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілерге КТС төлемін 101111 бюджеттік сыныптама коды (БСК) бойынша төлеу қажеттігін назарға жеткізеді «Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы».
📍101110 БСК тек республикалық бюджетке КТС төлейтін салық төлеушілерге арналғанын назарларыңызға аударамыз.
Төлемдерді жүзеге асыру кезінде бюджетке қаражаттың қате есептелуін болдырмау мақсатында аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.