«Таза Қазақстан» акциясы аясы

«Таза Қазақстан» акциясы аясы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Талды ауылы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Талды ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары, еріктілер және мекеме қызметкерлері бірлесіп, көшелерді қоқыстан тазартып, аумақты абаттандыруға атсалысты.

Акция барысында ауыл көшелері тазаланып, тұрмыстық қалдықтар жиналды, айнала ретке келтірілді. Бұл шара тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.