
Ауылымыздың көркін арттыру және тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында көше бойлары мен қоғамдық орындарға тулар ілу жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама ауылдың эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, бірлік пен патриоттық рухты нығайтуға да өз үлесін қосады. Тұрғындар тарапынан бұл игі іс қолдау тауып, ауылымыздың ажары бұрынғыдан да айшықтала түсті. Алдағы уақытта да осындай көркейту жұмыстары жалғасын табады деп күтілуде.