«Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жүлделі орын

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жүлделі орын

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жүлделі орын

Талды жалпы білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы Қаныбек Зере 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жоғары нәтиже көрсетіп, III орынға ие болды.

Бұл байқау оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ойлауын қалыптастыруға және жас зерттеушілердің ізденісін қолдауға бағытталған. Қаныбек Зере өз жобасын жоғары деңгейде қорғап, білім мен ізденімпаздығын көрсете білді.

Жетекшісі – Алшынбаева Жанбала Шүйкенқызы.

Жас зерттеушімізді және жетекшісін жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.