
Талды ауылдық округіне қарасты Талды ауылында елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында істен шыққан көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарлы түрде атқарылған жұмыстар барысында пайдалануға жарамсыз, тозығы жеткен жарық шамдары жаңаларына ауыстырылды.
Аталған шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ауыл көшелеріндегі түнгі жарықтандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда ауыстырылған жарық шамдары толық іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Алдағы уақытта көше жарықтандыру жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту және елді мекендердің абаттандыру деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.