
Талды ауылдық округі кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты кітап көрмесі өткізілді
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, Талды ауылдық округі кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, ұрпақтар арасында ел тарихын зерделеуге қызығушылықты арттыру және жастарды еліміздің тәуелсіздігіне деген патриоттық сезімдерге тәрбиелеу болды.
Шараға ауыл тұрғындары мен кітапхана оқырмандары қатысып, еліміздің тәуелсіздігі мен тарихы туралы кітаптармен танысты. Көрмеге қойылған кітаптар арасында Қазақстанның тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтар мен мәдениетке арналған басылымдар, сондай-ақ елдің қалыптасуы мен даму тарихына арналған танымал еңбектер орын алды.
Кітап көрмесі Тәуелсіздік күні мерекесінің мәнін терең ұғынуға мүмкіндік берді, ал келген әрбір адам еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында жанқиярлық еңбек еткен ата-бабаларымызды еске алды.
Талды ауылдық округі кітапханасының ұжымы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында барша қазақстандықтарды құттықтап, елдің дамуына қосқан үлестері үшін зор алғыс білдіреді!