Биылғы жылы Талды ауылдық округінде спорт алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы Талды ауылдық округінде спорт алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы Талды ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен жастар үшін жаңа спорт алаңын абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды. Аталған жұмыстар аясында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысандар орнатылып, ауыл тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасалды.

Жұмыстардың нәтижесінде:

  • Флагшток орнатылды;

  • Арнайы тренировка алаңы жабдықталды;

  • Баскетбол алаңы салынды;

  • Волейбол алаңы жасалып, қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Бұл жобалар тұрғындардың белсенді өмір салтын қалыптастыруына, бұқаралық спортты дамытуға және ауылды көркейтуге бағытталған. Алдағы уақытта да осындай жобалар жүзеге асырыла отырып, ауылдық округтің инфрақұрылымы әрі қарай дамытылатын болады.