
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай Қарағанды облыстық «AMANAT» партиясында ауылымыздың үш азаматы марапатталды.
Саланың дамуына қосқан үлестері үшін төмендегі азаматтар құрметке ие болды:
«Үздік тракторшы – 2025» атағы — Азаматов Николайға табысталды.
Алғыс хаттармен — Жаппаров Арман және Рахимберлин Қайырбек марапатталды.
Құрметке бөленген азаматтарды шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектері жемісті болып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз.