Талды ауылдық округінде 6 КТП жаңартылды

Талды ауылдық округінде 6 КТП жаңартылды

Талды ауылдық округі аумағында орналасқан 6 бірдей ескі комплектілендірілген трансформаторлық подстанция (КТП) жаңғыртудан өтті. Бұл жұмыс электр энергиясын тұрақты әрі сапалы жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңартылған нысандардың ұзақмерзімді әрі қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында техникалық күтім жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігі басты назарда ұсталып отыр. Сонымен қатар, малдың КТП маңына жақындап, жабдыққа зақым келтіруінің алдын алу үшін барлық трансформаторлық подстанцияларға арнайы қоршаулар орнатылды.

Қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілген бұл жұмыстар округ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жоспарлы шаралардың бір бөлігі болып табылады.