
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 13 МАУСЫМДАҒЫ N 211 ЗАҢЫ.
ТУРИСТІҢ МІНДЕТТЕРІ,
ТУРИСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Саяхат жасаған кезде, транзитті қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдің (жердің) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегі (жердегі) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерін және транзиттік жүріп өтетін елдердегі ережелерді сақтауға;
4) саяхат кезінде жеке өзінің қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті.
Туристің өзге міндеттері болатын елдің (жердің) заңдарымен айқындалады.