
Тағылы ауылдық округі әкімінің аппаратында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ашықтық пен адалдық қағидаттарын насихаттау болды. Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен міндеттері туралы айтылды.
Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ азаматтардың сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екендігін атап өтіп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.