
2025 жылғы 26 қарашада Тағылы ауылдық округі әкімінің аппаратында маңызды отырыс ұйымдастырылды. Жиынға жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелері, ақсақалдар алқасы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, сондай-ақ жастар саясаты жөніндегі комиссия өкілдері қатысты.
Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, қоғамдастықтың қатысуымен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды. Әсіресе, ауыл жастарын қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамдық тәртіп пен мәдени шараларды дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.
Шара соңында қатысушылар ортақ пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар бойынша келісімге келді. Жиын Тағылы ауылдық округіндегі қоғамдық ұйымдар мен билік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде өтті.