Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары

Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары

Тағылы ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында күз айларында су ағар трубалары мен арықтар қолмен тазартылды. Жиналған қоқыс, жапырақ және басқа да бөгеттер алынып, су өткізгіш жүйелердің өткізу қабілеті жақсартылды.

Бұл жұмыстар көктемде еріген қар суларының кедергісіз ағуына мүмкіндік беріп, ықтимал су басу жағдайларының алдын алуға бағытталған.