«Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

Тағылы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде күзгі санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен аулалар, көшелер және қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдай ретке келтірілді.

Сонымен қатар, акция аясындағы дәстүрлі «Таза бейсенбі» күні де өткізіліп, бірқатар жұмыстары атқарылды. Тазалық шарасына қатысушылар жапырақтарды жинап, бұтақтарды кесіп, арнайы бөлінген техниканың көмегімен тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Аталған шаралар округтің экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындар арасында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға және таза орта құруға бағытталған.