Тағылы ауылдық округінде ескірген көше баннерлері жаңартылды

Тағылы ауылдық округінде ескірген көше баннерлері жаңартылды

Тағылы ауылдық округінде ақпараттық кеңістікті жаңарту және көрнекі агитацияның сапасын арттыру мақсатында ескірген көше баннерлері толықтай ауыстырылды. Жұмыс барысында тозығы жеткен, түсі оңған және мазмұны өзектілігін жоғалтқан баннерлер алынып, олардың орнына жаңартылған дизайндағы көрнекі материалдар орнатылды.

Жаңартылған баннерлерде округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, тұрғындарға маңызды ақпарат және қоғамдық маңызы бар хабарламалар қамтылған. Жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп, бүгінгі күні барлық негізгі көшелерде жаңа баннерлер ілініп, округтің келбеті жаңаша сипатқа ие болды.

Аталған шара көрнекі үгіт құралдарының сапасын арттыруға, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтарға ұсынылатын ақпараттың анықтығы мен тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.