
Алкогольге тәуелділік — адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсер ететін күрделі әлеуметтік әрі медициналық мәселе. Мемлекеттік саясат тәуелділіктің алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
⚠️ Мынаны есте ұстаған жөн:
* алкогольді шамадан тыс тұтыну тәуелділікке және денсаулыққа байланысты мәселелерге әкелуі мүмкін;
* алкогольді тұтыну құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың орын алу қаупін арттырады;
* жастар арасында алкогольді тұтынудың алдын алуға ерекше көңіл бөлу қажет;
* тәуелділік белгілері пайда болған жағдайда медициналық және психологиялық көмекке дер кезінде жүгіну маңызды.
👨👩👧👦 Алдын алу жұмысы отбасынан, салауатты әдеттерді қалыптастырудан және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудан басталады.
💚 Салауатты өмір салты — денсаулықты, отбасын және болашақты таңдаудың негізі!