
Іс-шара барысында тұрғын үй секторында өрттің алдын алу, көмірқышқыл газынан улану жағдайларын болдырмау және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар таныстырылды. Брифингте аула аралау нәтижелері, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көрсетілген көмек, көмірқышқыл газы датчиктерін орнату, білім беру ұйымдарында өткізілген оқыту іс-шаралары мен жаттығулар, сондай-ақ газ қауіпсіздігі бойынша жүргізілген рейдтік шаралар туралы айтылды. Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру бойынша қабылданған шаралар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.