
🟦Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен келіссөздер өткізді.
🟦Ақордада серб серіктестерін қарсы алған Мемлекет басшысы бұл сапардың Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ерекше символдық мәнге ие екенін атап өтті.
– Сербия біз үшін Еуропадағы маңызды серіктес болып табылады. Біз екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытуға шынайы ниеттіміз. Бүгін біз осы өзара іс-қимылға қосымша серпін беру жолдарын жан-жақты талқыладық. Өз тарапымыздан елдеріміз арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерімізді салатынымызға сендіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🟦Мемлекет басшысы Астана мен Белградтың сындарлы саяси диалогты қолдап, парламентаралық байланыстарды нығайтып, мемлекеттік органдар мен іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды жүйелі түрде кеңейтіп келе жатқанын атап өтті.
🟦Қазіргі таңда Қазақстанда 60-тан астам серб компаниясы табысты жұмыс істеп келеді.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өтті.
🟦Ол Сербияның өкілді іскерлік делегациясының сапарға қатысуын құптады. Кеше Қазақстан–Сербия іскерлік кеңесінің отырысы өтті, оның нәтижелері сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.
🟦Президент Қазақстанның бірқатар халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін серб тарапына алғыс білдірді.