Казахстанский университет вошёл в Шанхайский рейтинг.

Казахстанский университет вошёл в Шанхайский рейтинг.

Орталық Азиядан жалғыз жоғары оқу орны бұл рейтингке еніп отыр.

Global Ranking of Academic Subjects (GRAS) 2025 by Shanghai Ranking пәндік рейтингіне алғашқы қазақстандық университет енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мәртебеге Қазақстанның жетекші зерттеу университеті – Nazarbayev University (NU) ие болды. Shanghai Ranking рейтингі – әлемдегі ең беделді халықаралық рейтингтердің бірі және университеттердің сапасы мен ғылыми нәтижелілігін жеке пәндер бойынша қатаң бағалайды.

2025 жылғы рейтингте NU Орталық Азиядан жалғыз университет болып, үш пәндік бағытта ұсынылды:

Civil Engineering (Тұрғын үй және құрылыс инженериясы) – 301-400 диапазоны (алғаш рет енді)

Telecommunication Engineering (Телекоммуникациялық инженерия) – 301-400 диапазоны

Education (Білім беру) – 401-500 диапазоны (алғаш рет енді)

Shanghai Ranking әлем бойынша шамамен 2 000 университетті бағалайды. Бағалау критерийлеріне Нобель сыйлығы лауреаттарының болуы, Nature және Science журналдарындағы жарияланымдар, ғылыми өнімділік және халықаралық басылымдарда дәйектілік, жарияланымдардың сапасы, әлемдік деңгейдегі профессорлық-педагогикалық құрам және халықаралық ғылыми ынтымақтастық жатады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:

«Қазақстандық университеттің әлемдегі ең қатаң және беделді академиялық рейтингтердің біріне енуі халықаралық сарапшылардың Қазақстандағы ғылыми нәтижелердің жоғары деңгейін, даму әлеуетін және зерттеу қызметінің сапасын мойындайтындығын көрсетеді. Бұл елдің жаһандық білім берудегі позициясын нығайтуға және халықаралық ғылыми қауымдастықтағы мәртебесін арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті.

Еске салайық, 2025 жылғы қазан айында Times Higher Education (THE) World University Rankings 2026 рейтингі жарияланды, онда NU 401-500 диапазонына енді, сонымен қатар Орталық Азия мен Кавказдағы университеттер арасында I орын және ТМД елдеріндегі университеттер арасында IV орынға ие болды. Бұл Қазақстанның жоғары білім жүйесінің сапасы мен халықаралық беделінің тұрақты өсуін көрсетеді.

«Пәндік рейтингтерге ену ғылыми белсенділіктің, зерттеулер сапасының және NU халықаралық ынтымақтастығының жүйелі өсуін көрсетеді. Біз өзіміздің ғылыми бағыттарымызды халықаралық академиялық рейтингтерде кеңінен көрсетуге және студенттерімізді, профессорларымызды және зерттеушілерімізді қолдауға жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Nazarbayev University президенті Вакар Ахмад.