Ортау ауылында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілді

Ортау ауылында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілді

Ортау ауылында ұлық мереке – Наурыз мейрамы кең көлемде, ерекше сән-салтанатымен атап өтілді. Ауыл думанға бөленіп, тұрғындар мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Әсем ән шырқалып, мың бұралған би көрерменнің көңілін көтеріп, ұлттық рухты асқақтатты. Мереке барысында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жұртшылық белсене қатысып, ерекше әсерге бөленді. Ауыл жастары үшін алтыбақан құрылып, ән мен жырға толы әдемі кештің сәнін кіргізді. Бұл – ұлттық дәстүрдің жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығының айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына ақ дастарқан жайылып, қасиетті Наурыз көже таратылды. Береке мен бірліктің символына айналған бұл тағам әр шаңыраққа молшылық пен ырыс әкелсін деген ақ тілектермен ұсынылды.Осындай игі шаралар арқылы Ортау ауылында Наурыз мейрамы тек мереке ғана емес, халықтың ынтымағы мен татулығын нығайтатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн ретінде жоғары деңгейде аталып өтті.