
Аудан әкімі М.Мұхтаров Қарағанды қаласындағы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 2025 жылғы Шет ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттері туралы есептік баяндама жасады. Брифинг барысында аудан басшысы экономикалық ірі көрсеткіштер, инвестиция тарту, коммуналдық, ауылшаруашылық салаларындағы жетістіктер мен жоспарлары туралы айтып, білім, мәдениет, медицина саласындағы жұмыстарға тоқталды.
Осыдан кейін аймақ журналистері тарапынан спикерге ауылшаруашылық жерлерін мақсатсыз пайдалану, жекеменшіктен мемлекет балансына өткен электр желілерінің болашағы және ауылдық жерлердегі мектептердің жабылу мәселесі сынды өзекті тақырыптар бойынша сауалдар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.
Брифингтің толықтай нұсқасын Қарағанды өңірлік коммуникация қызметінің ресми парақшаларынан тамашалай аласыздар!