Қарағандылықтарды тегін тіл курстарына шақырады

Қарағандылықтарды тегін тіл курстарына шақырады

Қарағанды қаласында қазақ және ағылшын тілдері бойынша тегін курстарға қабылдау жарияланды. Оқуға 19 жастан асқан барлық ниетті азаматтар қатыса алады. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Жобаның бастамашысы — Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.

Оқу курсының ұзақтығы — үш ай. Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі.

Топтар әртүрлі деңгейлер бойынша жасақталады: бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін. Бір топта 15–20 адам оқиды. Тыңдаушылар өздеріне ыңғайлы уақытты таңдай алады: 9:00, 13:00 немесе 18:00.

Сабақ өтетін орындар да ыңғайлы етіп қарастырылған: «Абзал» сауда үйінде және Гоголь көшесі, 34-мекенжайы бойынша.

— Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оқу тек тіл орталықтарында ғана емес, сондай-ақ сауда үйлерінің ғимараттарында арнайы жабдықталған кабинеттерде ұйымдастырылады. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындар базасында да сабақтар өткізу көзделген, - деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасында.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар жазбаша және ауызша бөлімдерден тұратын емтихан тапсырады. Нәтижелері бойынша тіл меңгеру деңгейін растайтын сертификаттар табысталады.

Тіл курстарына жазылу үшін +7 702 448 9868 нөміріне хабарласуға немесе QR-кодты пайдалануға болады.

Сондай-ақ төмендегі сілтемелер арқылы өтінім беруге мүмкіндік бар:

қазақ тілі курстарына – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc7i60TPe0d_tQVYQNRUcPN0CXTJjyLfuWoR9TqzW3nT7poEg/viewform?usp=dialog

ағылшын тілі курстарына – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScojTB9NsWHgdgV4Sut3bMzqNCaVxMT1sX671S8U5m8nljg/viewform?usp=dialog.