Республика күніне арналған танымдық сағат

Республика күніне арналған танымдық сағат

Республика күніне орай ауылдық кітапханада мектеп оқушыларымен «Тәуелсіз елдің ұлы мерекесі – Республика күні» атты танымдық сағат және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ел тарихын терең танытып, отансүйгіштікке, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу болды. Кітапхана қызметкерлері балаларға Республика күнінің маңызы туралы айтып, тақырыпқа байланысты кітаптар мен суреттер көрмесін таныстырды.

Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Танымдық сағат соңында балалар ел тәуелсіздігін құрметтеу мен бағалаудың маңыздылығын түсінді.