«Заң мен тәртіп»

«Заң мен тәртіп»

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Нұраталды ауылының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесу барысында Конституцияда айқындалған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және жастарға берілетін мүмкіндіктер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, заңға құрметпен қарау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғам өміріне белсенді қатысудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.