Келіндер сыны» байқауы.

Келіндер сыны» байқауы.

Наурыз мейрамы қарсаңында Шопа елді мекенінде өткен «Келіндер сыны» байқауы ауыл өміріне ерекше сән беріп, тұрғындарға керемет көңіл күй сыйлады. лттық рухты көтерген бұл іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау барысында келіндер қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімдерін көрсетіп қана қоймай, өз өнерлерін де жоғары деңгейде паш етті. Түрлі қазақы тағамдар әзірлеп, қолөнер шеберліктерін танытты. Бірі әсем кестеленген бөстек дайындаса, енді бірі Қазақстан картасын бейнелеп, тағы бірі Шопа ауылының көрінісін ерекше шеберлікпен жасап шықты. Бұл көріністер көрермендерді тәнті етіп, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыра түсті.
Сонымен қатар, байқау қазақ келіндерінің отбасындағы орны, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл қасиеттерді дәріптеп, тәрбие мен өнегенің қайнар көзі екенін тағы бір дәлелдеді. Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шаралар ауылымызда жиі ұйымдастырылып тұрса, өскелең ұрпаққа берер тәлімі мол болары сөзсіз.