
Шет ауданында өткен «Қарлы қыс» атты қысқы ауыл спартакиадасының аудандық іріктеу кезеңінде әйелдер арасында жерлестеріміз тамаша нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, Оспанова Мейрамкүл Мейірбекқызы жүлделі І орынды иеленсе, Депу Танакөз ІІ орынды жеңіп алды.
Бұл жетістіктер – спортқа деген ынта мен табандылықтың айқын дәлелі. Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!