
Шымкент қаласында өткен ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыста, соның ішінде «Аударыспақ» ойынында жерлесіміз Талғат Әлім жүлделі ІІ орын, ал Данияр Ақбар ІІІ орын иеленді.
Спортшыларымыз жоғары шеберлік пен намысты рух көрсеткені үшін қаржылай сертификаттармен марапатталып, сондай-ақ «Жыл үздігі» номинациясына ие болды.
Ел мерейін асқақтатып жүрген азаматтарымызға алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз! 🏆