Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Нұраталды ауылының мәдениет үйінде «Алаяқтықтың алдын алу: хабардар бол және өзіңді қорға» тақырыбында зейнеткерлермен кездесу өтті.
Іс-шара Нұраталды ауылының әкімі Е. Кутышев пен округтің учаскелік полиция инспекторы Е. Жаңбырбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – зейнеткерлерді алаяқтықтың кең тараған түрлерімен таныстыру, олардың алдын алу жолдарын түсіндіру және жеке қауіпсіздікті сақтау бойынша нақты кеңестер беру болды.
Кездесу барысында телефон және интернет алаяқтық, жалған хабарламалар мен күмәнді қоңыраулардан сақтану жолдары кеңінен түсіндіріліп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Аталған кездесу тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.