
Ауылымыздың Шопа елді мекенінің тұрғыны, СПК «SHERHAN» жетекшісі Дюсембаев Сайран Маратұлы – адал еңбегімен ауыл шаруашылығы саласын дамытып отырған нағыз еңбек адамы.
Қазіргі таңда Сайран Маратұлы қара малдың сүт өнімдерін өндіру бағытында өз кәсібін табысты түрде дөңгелетіп келеді. Ол ауыл тұрғындарынан сүт қабылдап, одан табиғи әрі сапалы құрт, май, айран, сары ірімшік, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай брынза өнімдерін дайындайды. Бұл бастама ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көзіне айналып отыр.
Өнімдерге деген сұраныс күн санап артып келеді. Аталған сүт өнімдері тек ауыл ішінде ғана емес, қалалы жерлердегі ірі ресторандарда да жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие. Мұның барлығы – тынымсыз еңбек пен сапаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.