Ел қамы – ең басты құндылық!

Ел қамы – ең басты құндылық!

Облыс әкімі мен аудан әкімдерінің қолдауының нәтижесінде ауылымызға ТЖМ қызметіне арналған құны 120 000 000 теңгені құрайтын заманауи, көпфункциялы медициналық автокөлік табысталды.
Бұл игі бастама – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Жаңа жылды осындай қуанышты жаңалықпен бастау – елге деген қамқорлықтың айқын көрінісі.
Округ тұрғындары көрсетілген қолдау мен жанашырлық үшін зор ризашылықтарын білдіріп, ел игілігі жолындағы жұмыстарға сәттілік тілейді.