Ауылымыздың мақтанышы!

Ауылымыздың мақтанышы!

Ауылымыздың мақтанышы – Дәулетбеков Ислам Елдарұлы!

Әскери қызметін абыроймен атқарып, тәртібімен, жауапкершілігімен және үздік көрсеткіштерімен ерекшеленген Ислам бүгін үлкен жетістікке қол жеткізді.

Ол мемлекеттік грант негізіндегі білім беру жеңілдігіне арналған сертификатқа ие болды!
Бұл – оның еңбегі мен табанды қызметінің лайықты бағасы.

Оның мақтанышқа толы бейнесі – ауылымыздың жастарына үлгі, елге қызмет етудің шынайы көрінісі.Алда – Қарағанды техникалық университетінде «Горное дело и добыча полезных ископаемых» бағыты бойынша жаңа оқу белесі күтіп тұр.

Ислам, жетістігің құтты болсын!
Ауылымыздың атын асқақтата бер!
Жаңа жолың жеңіспен жалғассын!