Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары

Қазіргі таңда Қазақстан цифрлық бағытты қалыптастыруда. Соның ішінде бәрімізге белгілі «Электронды үкіметтің Egov.kz» порталы. Порталда жұмыс жасау үшін алдымен Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз қажет. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алынатын түрлі анықтамаларды: соттылығы бар немесе жоқтығы туралы, жылжымайтын мүлкі бар немесе жоқтығы туралы, зейнетақы аударымдары туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаларды және тағы да басқа анықтамаларды үйде отырып ақ ала аласыз. Ол үшін барып келудің қажеті де жоқ. Бар болғаны Электронды түрде өтініш толтырасыз, бір күннің ішінде (өтініш жолдаған соң) пайдаланушының жеке кабинетіне жауап келеді. Қазақстан Республикасының ХҚКО-ның филиалдарында және аудан бөлімдерінде, ауылдық округ әкімдіктерінде«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» енгізіліп, жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы egov.kz порталында қолжетімді. Сондай-ақ кейбір қызмет түрлерін ЕgovМоbile мен телеграм-боттағы eGovKzBot2.0 және Facebook пен Vk әлеуметтік желілерінен алуға боладыКелушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болу/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.