
Бүгін Нұраталды ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу шаралары талқыланды.
Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметте ашықтықты арттырып, парасаттылық мәдениетін нығайту.