31 желтоқсан күні Жаңа жылдық мерекелік кеш өтті

31 желтоқсан күні Жаңа жылдық мерекелік кеш өтті

Шырша жанында өткен жаңа жылдық кеште қызықты ойындар ойнатылып, ән айтылып, би билеп ауыл тұрғындары мен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ойындарға қатысып белсенділік танытқандарға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар балаларға демеушілер есебінен тәтті сыйлықтар таратылды. Демеушілік жасаған ауыл азаматы Қабдолдаш Алмас пен "Сары-Матақ" Ш/Қ жетекшісі Мұқатай Бекбарысқа алғыс білдіреміз.

#ЖаңаЖылҚұттыБолсын2026