
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-Мәңгілік ел мұраты» атты дөңгелек үстел өтті. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру мақсатында дөңгелек үстел тарихқа шолудан басталды. Дөңгелек үстелде Тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалардың ерлігі, еңбектері жайында әңгіме өрбіді. Дөңгелек үстелден соң іс-шараға қатысушылар арасында дойбы ойынынан жарыс өткізіліп, жүлделі орын алғандарға сыйлықтар беріліп, мадақтамамен марапатталды.
Егемен еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болғай!