
2025 жылғы 24 қазан күні Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімшілігі мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне және Егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орай салтанатты жиын өткізіліп,ауыл тұрғындары мен еңбек ардагерлерін бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапаттады. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 30 жылдан астам уақыт өтті.Әрбір қазақстандық үшін бұл маңызды оқиға ұлттың бірлігін,мемлекеттің дамуын және халықтың еркіндігін бейнелейді.Республика күні - елдің тарихындағы осы маңызды кезеңді еске алып, мемлекеттілікті дәріптейтін ерекше мереке екені атап айтылды.