
Мойынты кентінің жалпы білім беретін мектебінің түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуде 138 балл жинап, Қарағанды облысы бойынша ең жоғары нәтижелердің біріне қол жеткізді.
Бұл жоғары көрсеткіш – оқушының ұзақ уақыт бойы жасаған жүйелі дайындығының, қажырлы еңбегі мен табандылығының айқын жемісі. Сонымен қатар, бұл жетістікке білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың кәсіби еңбегі мен ата-анасының қолдауы да үлкен үлес қосты.
Осындай жарқын жетістік Мойынты кентінің ғана емес, бүкіл өңірдің мақтанышына айналды. Түлектің табысы кейінгі буын оқушылары үшін де білімге ұмтылудың, еңбекқорлық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісі болмақ.
Мойынты кентінің жалпы білім беретін мектебінің түлегін, ата-анасын және ұстаздар қауымын осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Жас түлекке алдағы білім жолында толағай табыс, биік белестерді бағындырып, армандарының орындалуын тілейміз. Жетістіктеріңіз еселеніп, ел игілігіне қызмет ететін білікті маман атануыңызға тілектеспіз!