
Мойынты дәрігерлік амбулаториясына заманауи медициналық көлік табысталды. Бұл – кент тұрғындарының денсаулығын нығайту жолындағы маңызды қадам. Жаңа автокөлік барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және халық игілігіне қызмет етуде. Бүгін кент әкімі С.Турабеков медицина қызметкерлерін құттықтап, олардың ел саулығы жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді. Заманауи көлік дәрігерлердің жедел әрі сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік беріп, шалғайдағы тұрғындарға медициналық көмекті уақытылы жеткізуге септігін тигізеді. Бұл игі бастама – тұрғындардың денсаулығына деген қамқорлықтың айқын көрінісі.