Қарағанды облысының спортшысы Милана Ковальчук джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды Алматы қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан Азия чемпионатында Қарағанды облысының спортшысы Милана Ковальчук 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қарағанды қаласындағы OA JJ Academy клубының тәрбиеленушісі Милана барлық төрт кездесуінде жеңіске жетті. Спортшыны жаттықтырушы Оразалы Айбар дайындайды. Милананың келесі маңызды жарысы – 1–9 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтетін джиу-джитсудан әлем чемпионаты. Онда ол Қазақстанның намысын қорғайды.
