Красная поляна ауылдық округінде 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған әскери әндер байқауы өтті. Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға арналды. Қатысушылар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, ерлік пен батылдықтың, жеңімпаз ұрпаққа деген алғыс пен құрметтің рухын жеткізді. Байқау жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, округ тұрғындарын біріктіріп, тарихи жадымызды сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
