Красная поляна ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, округ тұрғындары және жастар қатысты. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде аумақты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді: қоқыс жиналып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды, аулалар мен іргелес аумақтар ретке келтірілді. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды ортақ іске біріктіреді. Тазалық әрқайсымыздан басталады.
